bottom-image

Аллаһумма салли ъәлә сәйидинә Мухаммад

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күнін салауат айтумен атап өтеміз.
Соңғы Пайғамбар Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) салауат және сәлеммен еске алу үшін айтылған салауаттарыңызды қосу арқылы салауаттар санын 8 миллиард межесіне жеткізуге үлес қоса аласыз.

8 миллиард салауат кампаниясы


РАХМЕТ АЙТАМЫЗ!



"8 миллиард салауат айту" науқанымыз, жоспарланған мақсатына жетті. Енді һижри 1442 жылға арналған науқанымыз жақында басталмақ.

Науқанымызға қосқан үлесіңіз бен ниетіңіз үшін рахмет айтамыз!

Қатысушылар саны
Барлық айтылған салауат саны
8 миллиард
Меже

Салауат жайлы

Салауат деген не? Салауат қалай айтылады? Не үшін салауат айтамыз?
Салауатқа қатысты аят және хадистер...

Салауат деген не?

Салауат дұға, тағзым, рахмет, есендік және мадақ секілді мағыналарға келеді. 1 Құран аятында: Расында, Аллаһ және періштелер Пайғамбарға салауат айтады. Уа, мүминдер! Ендеше, сендер де оған шын жүректен салауат айтып, құрметпен сәлем жолдаңдар! 2 делінген. Бұл аяттағы Алланың Пайғамбарға салауаты – оны рахметіне бөлеуі және періштелердің алдында мақтауы. Періштелердің салауаты – Пайғамбар үшін кешірім тілеулері, Мүминдердің салауаты болса, Алладан Пайғамбарын өзінің құзырындағы дәрежесін асқақтату үшін дұға етулері.





(1). Рағб әл-Исфаһани, әл-Муфрадат, “ṣlv” md.; Ибн Қайюм әл-Жәузия, 155-156 б.; Фирузабади, 6-7 б.
(2). Әл-Ахзаб 33/56; сондай-ақ қараңыз: Әл-Бақара 2/157; Әт-Тәуба 9/99, 103; Әл-Ахзаб 33/43
Salavat Hakkında image

Салауат қалай айтылады?

Каъб бин Ужра менімен кезіккенінде: "Саған бір сый жасайын ба?" – деді де сөзін жалғастырып:
"Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) жанымызға келді. Біз: "Уа, Алланың Елшісі! Сізге қалай сәлем беруді үйрендік. Ал енді қалайша Сізге салауат айтамыз?" – дедік. Аллаһ Елшісі де былай деді: "Аллаһым! Ибраһим және оның әулетін рахметіңе бөлегеніңдей, Аллаһым! Ибраһим және оның әулетіне берекеңді жаудырғаныңдай, Мұхаммед және оның әулетін де рахметіңе бөле! Шын мәнінде, Сен бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі даңқың асқақ ең ұлықсың!" – деңдер". 1 (Салли және Бәрик дұғалары) Салауатты бірнеше түрде айтуға болады. Ең қысқа түрде: "Аллаһумма салли ъәлә Мухаммад (Аллаһым Мұхаммедті рахметіңе бөле және есендік бер)" деп те салауат айтуға болады.


(1) Бухари, Дағауат, 32; 6357. Муслим, Салат, 66. 908
Salavat Hakkında image

Не үшін салауат айтамыз?

Абдуллаһ бин Мәсъудтан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: "Қиямет күні адамдардың маған ең жақыны – маған ең көп салауат айтқаны". 1 Әли бин Әбу Талибтің жеткізген хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: "Сараң – жанында есімім аталғанда маған салауат айтпаған адам". 2 Әбу Һурайраның жеткізген хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: "Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар. Менің қабірімді де мерекелік орынға айналдырушы болмаңдар. Маған cалауат айтыңдар. Өйткені, қайда болсаңдар да салауаттарың маған жетеді". 3 Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: "Маған бір рет салауат айтқанға Аллаһ Тағала он рет салауат айтады (рахметіне бөлейді)". 4


(1) Тирмизи, Уитр, 21.484
(2) Тирмизи, Дағауат, 100. 3546
(3) Әбу Дәуіт, Мәнасик, 96, 97. 2042
(4) Муслим, Салат, 70. 912

Salavat Hakkında image

Бір оқиға

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларымен бірге Мәсжид-и Нәбәуиде отырғандарында ішке бір адам кіреді. Хадистерде аты аталмаған бұл адам жалғыз өзі намазын оқығаннан кейін: "Аллаһуммағфир ли уархамни (Аллаһым, мені кешір және рахметіңе бөле!)" деп дұға ете бастады. 1 Бұны байқаған Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Бұл адам асығыстық жасады", – деді. Сосын әлгі адамды жанына шақырды да, әлгі адамға және жанында отырғандарға былай деді: "Қайсы бірің дұға ететін уақыттарыңда әуелі Ұлы Раббысына мадақ-мақтау айтумен бастасын, сосын Пайғамбарға салауат айтсын. Содан кейін қалаған түрде дұға етсін". 2 Осы өсиет-кеңесінен кейін Аллаға шүкір айтып, Оны ұлықтаған, Хазіреті Пайғамбарға сауалат айтқан басқа бір сахабаны көрді. Оның бұл халін мақтан тұтып: "Дұға ет, қабыл болады, сұра, беріледі", – деді. 3


(1) Тирмизи, Дағауат, 64.
(2) Әбу Дәуіт, Уитр, 23
(3) Нәсаи, Сәһу, 48.

Salavat Hakkında image
Біз кімбіз?

Біз жайлы

Салауат-и Шәриф – Хазіреті Пайғамбарды (с.а.у.) мадақтау, сүю, ықыласпен еске алу және Оған деген бойұсынушылықтың қысқаша түйіні. Сондай-ақ, Жаһанды өмір сүру салтымен жандандырған Соңғы Пайғамбарға деген сүйіспеншіліктің, Оған деген опалы болудың және үмбет болу санасының келешек ұрпаққа жеткізуге бір себеп. Біз мінсіз жолдауды қабылдаушы болған, шақыруға және қабылдауға жауап беретін 8 миллиард адамның Пайғамбарымызбен (с.а.у.) үздіксіз байланыс құруын қалаған адамдармыз. Қысқаша біздің атымыз – 8 миллиард!

Жақсылыққа себепші бол

Салауат кампаниямызбен бөліс!

Қызметімізді әлеуметтік желілер арқылы достарыңызды да құлағдар етіп, оларды 8 миллиард салауат кампаниямызға шақыра аласыз.
Пайғамбарымы (с.а.у.): "Бір жақсылыққа себепші болған адамға сол жақсылықты жасағандай сауап бар", – деген. (Муслим, Имара 133)

Бізбен байланысқа шығыңыз